Мұнай өнімдерінің сапасын өндірістік талдау және бақылау: оқу-әдістемелік құрал
Для чтения книги необходимо авторизоваться и иметь активную подписку.
- Издательство: Альманахъ
- Год: 2023
- Страниц: 179
- Язык: Қазақша
- ISBN: 978-601-7680-74-9
- Переплёт: 7БЦ
- Размер: 60*80 1/16
«Мұнай өнімдерінің сапасын өндірістік талдау және бақылау» пәні көлік отындарының, майлардың және мұнайхимиялық өндірістері үшін шикізаттың сапасын нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келтіру мақсатында жүргізілетін талдаулар мен бақылауды зерделейді. Оқу-әдістемелік құрал білім алушылардың отындардың, майлардың және басқа да мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық және пайдалану қасиеттерінің шикізат қасиеттерімен және
оны өңдеу әдістерімен тығыз байланысы туралы нақты түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқу құралында мұнай мен мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері олардың пайдалану көрсеткіштерімен тығыз байланысы сипатталған. Мұнайдың, көлік отындарының және басқа да мұнай өнімдерінің негізгі физикалық-химиялық көрсеткіштерін зертханалық бақылау әдістемелерін іс жүзінде игеру білім алушылардың ғылыми зерттеулер, инженерлік есептеулер жүргізу, мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау, технологиялық процестерін жобалау, тұтынушылармен
есеп айырысу кезінде қажетті оқытылатын пәндер бойынша теориялық білімдерін тереңдетуге ықпал етеді. Әрбір зертханалық жұмыс қажетті теориялық мәліметтерді, жұмыстың мақсатын, әдістің мәнін, қажетті өлшеу құралдары мен реактивтерді, зертханалық қондырғының сипаттамасын және жұмыстың орындалу барысын, бақылау сұрақтарын қамтиды. Бұл оқу құралын «Органикалық заттардың химиясы және физикасы», «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» және «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы» пәндерін оқу кезінде пайдалануға болады. Мұнай мен газ елдің экономикасын алға жетелейтін негізгі энергетика көзі болып тұрған кезеңде, олардың физикасы мен химиясын, талдау және бақылау тәсілдерін оқып-білу болашақ химиялық технология мамандары үшін ғана емес, сонымен қатар мұнай және газ өнеркәсібіне қатысы бар барлық қызметкерлерге де пайдалы.

Читать все
Подписаться на библиотеку
Чтение книг доступно только по платной подписке. Если вы студент, обратитесь в вашу библиотеку.