СУ ХАЙУАНАТТАРЫНЫҢ АСА ҚАУІПТІ АУРУЛАРЫ
Для чтения книги необходимо авторизоваться и иметь активную подписку.
- Издательство: Альманахъ
- Год: 2020
- Страниц: 302
- Язык: Қазақша
- ISBN: 978-601-7617-61-5
- Переплёт: 7БЦ
- Размер: 60×84 1/16
Оқулық дәріс материалдары мен практикалық сабақтардан тұрады. Дәрістерде келесі сұрақтар қарастырылады: су жануарлары, су айдынындағы су хайуанаттарының өміріне әсер ететін факторлар, су хайуанаттарының ауруларына қарсы күресте ихтиопатологияның жетістіктері, су хайуанаттары организміндегі паразиттердің жайғасуы, паразиттердің ие организміне әсері, су хайуанаттарының түріне байланысты залалдануы, су хайуанаттарының жасына байланысты залалдануы, су хайуанаттарының жыл маусымына байланысты паразиттермен залалдануы, су хайуанаттарының зарарлануына жерсіндірудің әсері, су хайуанаттарының паразиттерін балау, су хайуанаттарының паразиттерін жою жөніндегі іс-шаралардың негізгі қағидаттары, індеттану негіздері, су хайуанаттарының аса қауіпті ауруларына қарсы күрес жөніндегі іс- шараларға шолу, өсіруге және жерсіндіруге арналған су хайуанаттарын тасымалдауды қадағалау, тоғандарды, гидроқұрылыстарды және мүкәммалды дезинфекциялау және дезинвазиялау. Практикалық сабақтар алты бөлімнен тұрады: "Балық аурулары", "Бақа аурулары", "Тасбақа аурулары", "Жылан аурулары", "Су және су маңы құстардың аурулары", "Су сүтқоректілердің аурулары". Жекелеген ауруларды сипаттау кезінде қоздырғыштардың морфологиясы мен биологиясы, дерттенуі, клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістері, диагностикасы туралы, сондай-ақ қандай да бір аурулар кезіндегі күрес шаралары туралы мәліметтер келтіріледі. "Аңшылықтану және аң шаруашылығы", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау", "Ветеринарлық медицина", "Ветеринарлық санитария", "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандықтарының докторанттарына, ветеринарлық дәрігерлерге, ихтиопатологтарға, балық өсірушілерге арналған. Кілттік сөздер:су хайуанаттары, балық, бақа, тасбақа, жылан,,су құстары, су маңы құстары, су сүтқоректілері, экология, балық аурулары, биотехнология, вироз, бактериоз, микоз, паразитоз, протозооз,, инфузория, моногеноидоз, трематодоз, цестодоз, нематодоз, бделлоз, бақа аурулары, тасбақа аурулары, жылан аурулары, су құстарының аурулары, су маңы құстарының аурулары, су сүтқоректілерінің аурулары.
Читать все
Подписаться на библиотеку
Чтение книг доступно только по платной подписке. Если вы студент, обратитесь в вашу библиотеку.