Array ( [SITES] => Array ( [0] => Array ( [LID] => s1 [NAME] => almanah-library.kz [LANG] => ru [DIR] => / [DOMAINS] => Array ( [0] => almanah-library.kz ) [CURRENT] => N [ALT] => Рус ) [1] => Array ( [LID] => s2 [NAME] => almanah-library.kz [LANG] => kz [DIR] => /kz/ [DOMAINS] => Array ( [0] => almanah-library.kz ) [CURRENT] => Y [ALT] => Қаз ) ) )
Рус Қаз
Авторизация
Есептік жазба жоқ
Құпия сөз есімде жоқ

Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1872-1937 ж.ж.)

Кітапты оқу үшін Жүйеге кіру және белсенді жазылым қажет.

  • Издательство: Альманахъ
  • Год: 2022
  • Страниц: 319
  • Язык: Қазақша
  • ISBN: 978-601-7320-09-6
  • Переплёт: 7БЦ
  • Размер: 60×84 1/16
Автор ұсынып отырған еңбек А.Байтұрсынұлының өскен ортасы, білім алған орны
мен ағартушылық қызметінің саяси күрестегі орыс зиялылары арасындағы арақатынасын
салыстыру арқылы оның дүниетанымын,саяси көзқарасының өсуінің ішкі мазмұнын,
табиғатын аша отырып, оның қоғамдық, саяси, мемлекеттік және ғылыми қызметіне
қатысты барлық зерттеулерді, мұрағат құжаттары мен басқа да дерек көздерін жаңа заман
талаптары тұрғысынан саралап, Ресей патша үкіметінің қазақ қоғамының ішкі бірлігіне
ірткі түсіріп, қазақ жерлерін тартып алу, озбырлық саясатының кез келген көрінісіне қарсы
күштерді басып жаншуға арналған түрлі құқықтық, нормативтік құжаттар мен актілерін
талдап, А.Байтұрсыұлының саяси көзқарасының, саяси қайраткер ретінде қалыптасуына
тигізген әсерін өте тартымды жеткізген.
Сонымен қатар А.Байтұрсынұлының «Қазақ» газетін ұйымдастырып, сол арқылы
атқарған қоғамдық саяси үгіт-насихаттық күресін, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы
ұлт-азаттық көтерілісі мен Ақпан төңкерісі тұсында ұстанған саяси бағытын, оның себеп-
салдарын, майданға байланысты қара жұмысқа еріксіз алынған қазақ жастарына көрсеткен
қызметі мен «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметін орнатып, ұлттық тұтастыққа
қол жеткізу жолында жүргізген саяси күрестерінің бағыттарын ашқан. Азамат соғысы
жылдарында А.Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметіне қатысты бұрын тарихи
шындық тұрғысынан қорытылмаған пікірлерге талдау жасап, Кеңестік билік тұсында
атқарған мемлекеттік, қоғамдық-ағартушылық, ғылыми қызметтерін баяндап және
тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргін құрбанына айналуына қатысты мұрағат деректеріне
сүйене жаңа мәліметтер берген.
Бұл еңбек жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арнайы
курс сабақтарына пайдалануға, лекциялар дайындауға және колледждер мен мектеп
оқушыларына қосымша әдебиет ретінде пайдалануға арналған, жалпы оқырмандарды
қызықтырары сөзсіз.

Кітапханаға жазылу